11.10. күні қайырымдылық айы аясында «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі белсенділері және «Достық» еріктілер клубының белсенді жастары бірлесіп соғыс ардагері Людмила Викторовнаға көмек қолын созды. Жобаның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығы, қоғамда ынтымақ, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайлармен танысып, үй шаруасына жәрдемдесу, ардагерлерге қолғабыс көмек көрсету және осы игі шара арқылы жастардың бойында елжандылықты қалыптастыру. Жастар ардагер Л.Викторовнаның үйішілік жұмыстарына қолғабыс етіп, ауласының айналсына реттеу жұмыстарын жүргізді. Көнекөз қарияның әсерлі әңгімелерін тыңдап, батасын алды.