УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Білім беру кеңістігіндегі болашақ педагогтың рухани-адамгершілік тұлғасы» атты педагогикалық олимпиада-2019ж 3-4 курс студенттерінің арасында оздырылды.

10.10 күні болашақ мамандардың педагогика пәнінен білімдерін байқау ретінде Педагогика кафедрасы оқытушылары А.Т.Мажитова, Л.Ж.Темирова, Б.Б.Конарованың ұйымдастыруымен «Білім беру кеңістігіндегі болашақ педагогтың рухани-адамгершілік тұлғасы» атты педагогикалық олимпиада-2019ж 3-4 курс студенттерінің арасында оздырылды. Педагогика кафедрасының жетекшілігімен әр оқу жылы өткізілетін осы олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, кәсіби бағытталған дарынды жастардың қабілеттілігін арттыру, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді. Қатысушы топтар «Шығармашылық шабыт», «Теория», «Миға шабуыл», «Эмоцияға ерік бер» кезеңдері бойынша өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттілігін көрсете білді. Шара соңында әділқазылар алқасы әділ бағасын беріп, марапаттау рәсімі өткізілді. Нәтижесінде 3бКДО «Камета» тобы І орын, 3КШИ «Талапкер» тобы ІІ орын, 4бКШО «Болашақ» тобы ІІІ орынды иеленді, қалған топтар қатысқандары үшін сертификатпен марапатталды.

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.