УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтті

 02.09.2019 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтті. Осыған орай, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адалдық сағаты» шарасы оздырылды. Шараға «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Курумбаев Айболат Шамұратұлы қатысты. Шараның мақсаты: жемқорлықтың алдын алуы, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретіндігі туралы ақпарат, видеоролик қамтылды. 

Студенттер тарапынан тақырыпқа сай, әр түрлі сұрақтар қойылып жауап алынды. Сөз соңында, келген қонағымыз Айболат Шамуратұлы студент жастарға: «Өзіне - өзі сенімділік туа біткен қасиет емес, демек, оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім - жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолыңда…» деген ниет білдірді.

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.