30.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі менеджері А.А.Алиева және «Жас Отан» бөлімшесінің студенттері «BASTAU» коворкинг орталығында өткен спорт саласының ең үздік жастарымен мотивациялық кездесуге қатысты. Жас үздіктер өз өмірбаяндарымен қатар, әр түрлі бағыттағы спорт жаттығуларын атап өтіп студент жастарға, Орал өңірінің белсенді үздіктеріне мотивация берді. Біздің белсенді студент жастар алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта да осындай үздіктердей биік белестерді бағындыру үшін талмас еңбектің қажет екендігін айтып өтті.