УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Мухсинованың 28.01.19-01.02.19 аралығындағы апталық есебі

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі 2019 жылдың 30 қаңтар күні «Бастау» коврокингінде өткізілген мобилді топ құрамы қалалық кәсіби бағдар  «Мамандықтар жәрмеңкесі» шарасына  қатысты. Аталмыш шараның мақсаты 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Орал гуманитарлық-техникалық колледжі таныстыру бағытында  қазақ және орыс тілінде құрылған 3 минуттық бейнеролик ұсынды. Бейнероликте колледждің төл тарихы, дарынды,талантты, облысқа танымал түлектерінің сұхбаттары және мамандықтары мен біліктіліктері көрсетілген үлестірме ақпараттар (флаер), банерден құрылды.

 

Ақпан айының алғашқы күнінен бастап қайырымдылық, жақсылық құндылықтарды кеңейту, жақсы істер жасай білу, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу барысында колледжімізде дәстүрлі жыл сайын қайырымдылық іс-шара өткізіледі. Сол бағытта, «Ардагерге көмек» бастамасымен колледжіміздің  1а,б КШИ топ студенттері топ жетекшісі К.К.Қосбаева«Самарская 60» көшесінің тұрғыны, ардагері Шин Татьянаның үйін, 3б КШИ топ студенттері топ жетекшісі А.А.Исмагулова Орал қаласы, Иванова 15 көшесінде тұратын жалғыз басты мүгедек Ольга Александрованың, 3б КШТ топ студенттері топ жетекшісі Д.К.Гумарова Орал қаласы, Некрасова 35 көшесінің тұрғыны еңбек және тыл ардагері жалғыз басты Нәсіп әжейдің үйіне барып, үйін жинап, ауласын қалың қардан тазартып көмек білдірді.

 

 

04.02.19-06.02.19 күндері аралығында колледж студенттері «Жастар көмекке» бастамасымен «Шынықсаң шымыр боласың» колледж жанынан ашылған шағын орталық ауласындағы жиналған қарды тазартып, арнайы жіберілген көлікке тиіп көмектесті. Бұл жігіттеріміз үшін қыстың күні керемет жаттығу әрі пайдалы іс жасады.

   

06.02.19 күні 3б КДО топ студенттері топ жетекшісі А.Б.Сарсенгалиеваның жетекшілігімен «Жылу-қайырымдылық» акциясын қолдап, аязды күні көшеде жұмыс жасап жатқан жұмысшыларға өз қалауларымен ыстық шәй мен бауырсақ таратып, алғысқа ие болды.

 

08.02.19  қасиетті жұма күні, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1а КШФ, 2аКШФ, 3б КШК, 3б КШТ тобының студенттері және топ жетекшілері Л.А.Нагимова, Н.А.Утегенова, Д.К.Гумарова, Ф.Қ.Иштаеваның бастамасымен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне орай «Қайырымдылық шарасымен» Орал қаласы «Атамекен» сауықтыру аймағындағы саябақта «Жеңіс 17» үйінде тұратын 7 балалы әлеуметтік қолдауды қажет ететін Гумаровтар отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Отбасының әкесі Гумаров Бекен, анасы-Баянгужиева Гүлшат. Отбасында бір баласыСұлтан үйден оқиды, бала жастан мүгедек. Ақгүлім 0 класс, Жангүлім, Диана 9 сынып, Ернар 8 сынып, Бекзада балабақшада, Бейбарыс 11 айлық. 

 

   01.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ф.Қ.Иштаеваның ұйымдастыруымен Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – колледж студенттерінің бойына кешірімділік, татулық, бірлік, бір-біріне қиянат жасамау қасиеттерін сіңіру, шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту, жүректерін мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа толы болуға тәрбиелеу. Аталмыш шараға колледжіміздің әр мамандық саласында оқитын, соның ішінде 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0108000 «Музыкалық білім беру», 0107000 «Технология» мамандығында білім алатын тағы да басқа топ студенттері белсене қатысты. Ашылу салтанаты барысында студенттермен «тыныштық сәті», «айнаға қарап өзіңе жағымды сөз айту» тренингі, бейнероликтерді талдау, әуенді сергіту сәті және хормен Құрмаш Махановтың «Мейірімді болайықшы, бауырлар» атты өлеңі орындалды. Рефлексия бөлімінде студенттермен «еркін микрофон» арқылы осы шарадан, тамашалаған бейнероликтен алған әсерлері, қазіргі кездегі адами құндылықтар рөлі жөнінде талдау, пікір алмасу өтті және студенттер еркін өз ойларын білдірді.

 

         1 ақпан күні 3бКШТ, 3бКШК топтары және жетекшісі Д.К.Гумарованың  ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ауғанстан – жүректегі жара» атты тәрбие сағаты оздырылды. Мақсаты: өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлер рухына тағдым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Тәрбие шарасында ауған соғысы жайлы мәліметтер беріліп, ондағы Батыс Қазақстандықтардың үлесі, Орал қаласында 2015 жылы ашылған «Мәңгілік тағзым» алаңында ауған ардагерлеріне ескерткіш орнатылғаны туралы айтылып, тәрбие сағаты «Бейбіт күн тілегі» әнімен қорытындыланды.

 

Апта барысында колледж жоспарына сай,Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, атқарылатын тәрбиелік іс-шара туралы арнайы кесте құрылды. Сол бағытта, 03.02.19 күні 2бКШО, 2бКШМ топ студенттері топ жетекшісі Б.Б.Қонарованың жетекшілігімен «Ауғанның от жалыны» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында Ауған оқиғасындағы соғыс ардагерлері туралы мәлімет беріліп, бейнебаян арқылы ауған жеріндегі сын сағаттардан майдангер ағалар туралы ақпараттар алынып, шара соңында топтастыру әдісімен карта арқылы ауған жерінің қайда орналасқандығы туралы  көрсетіліп, «Соғыс дегеніміз не?», «Біз не білеміз?»  сұрақтарына жауап алынды. Соғыс- жұт, қайғы, азап, өлім, білімсіздік, аштық деп түсінік алды. Кеш соңы ерлік, батырлық мақал-мәтелдерді жатқа айтып, поэзия минутымен аяқталды.

 

04.02.19 күні осы тақырыпқа сай, Н.А.Утегенованың жетекшілігімен 2а КШФ топ студенттері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты танымдық-тәрбиелік шарасын өткізсе, Ж.Х.Курманалинаның жетекшілігімен 3а КШР тобының студенттері «Ардақтайық ардагерлерді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шарада өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берумен, ұлтжандылыққа баулу бағытында  оның маңызын түсініп, ауған соғысы жайлы тарихи деректер алынды.

 

07.02.19 күні 1-3 курс студенттері арасында«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Л.А.Нагимованың жетекшілігімен Ауғаныстан Демократиялық республикасынан   шығарылғанына 30 жыл толуына орай«Менің Қазақстаным, менің мақтанышым» атты әскери-патриоттық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Сайыста студенттер өз туындыларын оқып, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі тұтып, ерлікке толы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сайысқа  15 студент қатысып, әділқазы алқалары ДТІЖО  Мұқсинова Алтын Жолдасовна, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Гумарова Дина Катесовна,колледжіміздің АӘД пәнінің оқытушысы Сәлімов Асхат Әнуарұлының шешімімен  1аКШИ тобының студенті  Садуакасова Аннэла І орын, Қанаева Балнұр 2бКШК , Ахметов Бибол 3бКШФ ІІ орын, Қошқарбаева Лағыл  1аКШФ тобының студенті өз туындысын оқып, ІІІ орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.                                                                                                                                                   

 

05.06.19-07.06.19 күндері аралығында 1а,бКШИтоп студенттері Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің  студенттері «Мәңгілік алау алаңындағы» ауған соғысына арналған диарамаға тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.

 

         07.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі дәлізінде «Жаратылыстану және қоғамтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында  «Жүректегі мейірімділік» тақырыбына арналған мейірімділік, ізгілік қасиеттер туралы ой-туындыларын қағаз бетіне түсіріп, шеберлік пен шыдамдылықта талап ететін  қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

 

        08.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері М.Горький атындағы қалалық кітапханаға барып, кітаптар көрмесін тамашалады. Әсіресе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы  бойынша  «Атқа міну мәдениетіне» орай құралған 10 жаңа кітаптың шыққандығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, арнайы газет, журналдарға арналған залға, жасөспірімдерге арналған 3D көзілдірікпен көрінетін кітаптарға шолу жасалды. 

 

          09.02.19 күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Д.К.Гумарованың ұйымдастыруымен 3бКШК «Негізгі орта білім беру» және 3бКШТ «Технология» мамандықтарында білім алатын тобында «Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай «Өнеге отбасынан» тақырыбында ата-аналар мен студенттер бірлескен ата-аналар жиналысы оздырылды. Жиналыста ата-аналар  «Отбасы моделін» жасаса, ал студенттер «Ата-аналар моделін» жасап постер қорғады. 

 

9ро

08.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ардагерлер асыл ерлер!» атты ауған соғыс ардагері Қадырбек Ескендірұлы Баймулдинмен кездесу ұйымдастырылды. Қ.Е.Баймулдин жастарға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,  ашық әңгімелесті. Кездесуде жастар ауған соғысы жайында алған ақпараттарынан гөрі ардагердің өз аузынан естіп, ауған соғысында мерт болған ағаларымызға арнап 1-3 курс студенттері өз шығармашылықтарынан өлең оқып, батырлардың рухына тағзым етілді. Кеш соңында Қадырбек Ескендірұлы ағамыз жастарға бейбіт өмірдегі жарқын істерді жалғастыру, оқуда, қоғамда алдыңғы қатарда белсенді тұлға болуларына тілек білдірді.

 

08.02.19 күні Нұр Отан партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Мерекеұлы Шамғалиев «Жастар-Отанға!» жобасы аясында жас саясаткерлер мектебіне Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алатын жастарды шақырып, жастар арасында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау бағытында сұхбаттасты.

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.