Орал гуманитралық – техникалық колледжінде 2а КШФ тобының жетекшісі Н.А.Утегенованың ұйымдстыруымен «Ауған асуында от кешкендер» атты тәрбиелік шара оздырылды.
Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, түсіндіру және тарихи тағылым беру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Шара барысында ауған соғысының отты жылдары туралы мәліметтер айтылып, бейнефильм көрсетілді. Сұрақ-жауап беру арқылы студенттер тәуелсіздік ерлік тақырыбында мақал – мәтелдер айтып, өз ой-көзқарастарымен бөлісті. Студенттер зор қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.