30 қараша күні «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» тақырыбымен Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Капаева Шынар Датқызы және Орал қаласының әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының заңгері Даулетиярова Мариэтта Тархановнамен 1-4 курстар аралығында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық жағдайын бастан кешірген жағдайда одан шыға білу, зорлық жағдайдан кейін суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, студенттерді жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.