УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Менеджер – көшбасшы: басқарушы қөзқарасы» тақырыбында лекторий

17 қараша күні №42 «Ақниет» гимназиясында Алматы менеджмент университетінің профессоры Қожахметов Асылбек Базарбайұлы «Менеджер – көшбасшы: басқарушы қөзқарасы» тақырыбында лекторий өткізді. Лекторийдің мақсаты қазіргі ЖОО - ы, колледждер, мектептердегі білім мазмұнының жаңаруына орай, қоғам талап еткендей мамандар даярлау мәселесіне тоқталды. Білім беру ұйымдарында көшбасшы топтарын құру, үздіксіз оқу туралы пікірімен бөлісті. Көшбасшы жақсы менеджер болу керектігін баса айтты. Білім алушыларға дайын күйінде білім берілмеуі керек. Қазіргі қалыптасқан білім мазмұнынан шығып, әлемдік білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды басшылыққа алу туралы айтты. Нақты мысалдар да келтірді. Мектепте баланы қабілетіне қарай оқыту, ерте жастан еңбекке баулу керектігі айтылды. Мұғалім мәртебесі қай уақытта да қоғамда үстем болатын мамандықтардың бірі, алайда, қазіргі оқытылып отырған мамандықтардың 300 – ге жуығы болашақта мүлдем жойылады. Сондықтан мамандар даярлауда 20 – 30 жылға болашаққа бағдар жасау қажет. Білім беру басшылары жас ұрпақтың ойлау деңгейімен қатарлас көзқараста болса, болашқта білім беру жүйесі көтерілетіні туралы айтылды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.