07.12.18 күні Орал гуманитарлық-техниалық колледжінде «9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай Батыс Қазақстан облысындағы айлықтың іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел оздырылды. Шараны ұйымдастырушы «Жаратылыстану және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Утегенова Н.А. Дөңгелек үстел отырысында «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылатындығын, жемқорлықпен күрес күн сайын қарқындап келе жатқандығын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдардың, ел азаматтардың міндеті екендігін атап айтты. Шараға 1-2 курс студенттері қатысып, өзіндік пікір білдірді. Шараның мақсаты студент жастарға қоғамымыздың барлық саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті. Студенттер осындай қоғамымызда болып жатқан келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойып, ұстаздар тарапынан нақты жауап алды. Осы айлық іс-шараның 13-тармағына сәйкес барлық топтарда біріңғай сынып сағаты өткізілді.
2бКДО тобында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында тәрбиелік сағат өтті. Бұл шарада студенттерге «Жемқорлық ХХІ ғасыр дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Болашаққа жемқорлықсыз», «Бүгіннен бастап болашағыңды ойла» атты бейнероликтер көрсетіліп,топпен талданды.
Сонымен қатар 2бКШК тобында да аталған шараға байланысты сынып сағаты оздырылды. Студенттерге арнайы шараға жасақталған «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» тақырыбында презентация көрсетіліп, талқыланды. Әр студент өз ойын білдіріп, «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында эссе жазды.