УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Табысқа жету формуласы» облыстық форумы

08-10.10.2018 жылы колледж директорының ОІ жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова мен ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллиналар БҚО Білім басқармасының басшылығы ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары орынбасарларының «Табысқа жету формуласы» облыстық форумына қатысып келді. 

 

Форум 3 күнге жоспарланып, бірінші күні ашылу салтанаты өтті. Форумды басқарма басшысы Ш.Қадырова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Кейін филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелмен LandD (лекция және дискуссия) түріндегі кездесу болды. Кездесуде бала тәрбиесі, өзін-өзі тану, тәрбиелеу бағытындағы пікірталас оздырылды. Кездесуді М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы, еліміздегі ең жас «Білім беру саласының үздігі» Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы жалғастырды.   

Осы күні айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Батырқызы Қыдырниязовамен кешкі кездесу оздырылып, ақынның тәрбие сағаттарының куәсі болды. 

Күн Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларымен әзірленген READx «NIS көзімен» шарасымен жалғасты. 

Екінші күн Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен психологиялық-педагогикалық тренинг өткізілді.  

Үшінші күні TED Talks «Жетістіктер формуласы» форматындағы кездесумен жалғасты. Кездесуде КазИИТУ ҒБК құрылтайшысы, профессор А.Айтимов, ЖК «Евенеева» басшысы Б.Евенеева, ардагерлер кеңесінің мүшесі, техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесінің ардагер ұстазы И.Кальченколардың өмір жолдарымен, жетістікке жету формуласымен танысты. 

Teach-in сұхбаттасу алаңында «Цифрлық білім беру ресурстарын ТжКББ ұйымдарында енгізу жолдары: проблемалар және болашағы. PLOTONUS» тақырыбында БҚИТУ-нің IT бөлімінің жетекшісі Козлов Михайл Валентиновичпен сұхбат жүргізілді.  

Форумды Білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Б.Габдушев жапты. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.