УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Теолог мамандармен кездесу

24-ші қыркүйек күні  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 3-4 курс студенттерімен Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстік  орталығы кеңес беру бөлім басшысы Нагимов Ерлан Болатұлы және  теолог маман Наурызов Асылбек Жанболатұлымен кездесу өтті.Кездесуге қатысқан студент саны-90. Кездесу барысында  қазіргі таңда жастардың арасында намаз оқу көбейіп бара жатқандығы, теріс діни ағымнан алдын алу  туралы көптеген мәліметтер  айтып өтті. Сонымен қатар діни бағытта ұстанатын жастар арасында дұрыс жолда жүру, уақытында намаз оқу, лас әдеттен  алланың алдында  таза , ғайбат сөздерден аулақ болу керектігі, сонымен қатар намаз оқуға әрмұсылмандардың міндетті деп айтып өтті.  Кездесу  әрі қарай студенттердің сұрақтарымен өрбіді, 3б КДО студенті Темирханова Қызғалдақ "Дін мен тіл"кітабында  жазылған ұзын киім киюге  болмайды оларда тәкапарлықты  білдіреді қазіргі таңда ұзын көйлек кию дұрыс па, дұрыс емес пе, намаз оқитын адамдарда, 3б КШО студентіАқбаян Жұмағалиева  енді намазға ниеттеніп жүргендерге намаз хиджапды  кию керек пе,3кб КШМ тобы студенті Сисенов Азамат намаз оқыған адам түгелімін өзгереді деген  қаншалықты рас деген және тағы да басқа бірнеше сұрақтар қойылып өздеріне керекжауаптарын алды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.