УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Музыкалық қонақжайда» деп аталған айлықтың келесі бөлімінде

19.04.18.«Білімді ел –Мәңгілік ел! Туған елім-түп қазығым байлығым!» тақырыбындағы музыка кафедрасының айлығы аясында колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған музыкалық-эстетикалық таным, талғамын қалыптастырып, музыкалық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында , кафедрамыздың ұстазы «Мәдениет са­ла­сының үздігі» төс белгісінің иегері Шналиев Сағат Ұзақбайұлының «Өнерлінің өрісі кең!» тақырыбындағы «Орал сазы» ансамбілінде ширек ғасыр еңбек еткен және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде бес жылдық еңбек жолының нәт нәтижесін қорытындылау мақсатында шығармашылық кеші аталып өтті.

Кешті ұйымдастыру мақсаты: оқытушының өмірі мен шығармашылығын үлгі ету арқылы, ұстаздық мамандықты дәріптеу, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру. Колледж студенттерінің концерттік бағдарламасы:-Сәкен Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны»-Құрманғазы Сағырбаевтың күйі «Қызыл қайың серпер»Қобызшылар ансамблінің орындауында: Е.Үсеновтың шығармасы «Күзгі әуен»концертмейстер Ж.С.Шналиев.

«Орал сазы» ансамбілінің концерттік бағдарламасы: Мәменнің күйі «Ақ желен», Е.Үсенов «Мерует моншақ» Қазақстан Мәдениет саласының үздігі, әнші М.Ж.Хайдарова,халық әні «Ақ ерке» аймақтық,республикалық әнші-термешілер байқауларының лауреатыФ.Оразов, халық әні «Ақ Айша» аймақтық,республикалық әнші-термешілер байқауларының лауреатыК.Қуанышқалиева, Е.Хасанғалиев «Айналдым елім» орындаған «Орал сазы». З.Жерро «Под небом Парижа» соло «Мәдениет са­ла­сының үздігі»,Музыка кафедрасының оқытушысы төс белгісінің иегері Шналиев Сағат Ұзақбайұлы.

Шығармашылық кеш иесі Сағат Ұзақбайұлы студенттердің және оқытушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.