УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Жаңартылған білім беру мазмұны: колледж әдіскерлері мен пилоттық мектеп мұғалімдері тәжірибе алмасты

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістерге ұшырауда. Білім беру мазмұнын жаңарту - сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Осыған орай, 13-қаңтар күні колледж оқытушылары мен үшінші жыл білім беру мазмұнын жаңарту жөнінен республикадағы 30 пилоттық мектептің бірі - М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері қатысқан «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды.

Оқытушылар дәріс беретін пәндеріне сәйкес бірнеше топтарға бөлінді. Әр топта мектеп мұғалімдерімен шеберілік сыныптары өткізіліп, тәжірибе алмасу жүргізілді. Бастауыш сыныптағы пәндер бойынша бөлінген топтарда мектеп мұғалімдері: Б.К.Базарбаева, А.А.Абдирова, Н.А.Ибраимова, Г.А.Макаримова, А.Т.Каипова, М.М.Кариналар математика, дүниетану, жаратылыстану, сауат ашу, өзін-өзі тану пәндерінен сабақ өткізіп, сабақ жоспарының құрылымымен таныстырып, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалармен жұмысты, практикалық тұрғыдан жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жақтарын көрсетті.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша бөлінген топта Л.Н.Салимова мен С.М.Кадрешов, орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша бөлінген топта А.Ж.Кужахметова мен Е.С.Галиевалар колледж оқытушыларымен жұмыстанып, жаңартылған білім бағадарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсатын, міндеттерін талдап, орта білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізудің маңыздылығы туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бірнеше сабақ жоспарымен таныстырды, топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Ағылшын тілі пәнінен дәріс беретін оқытушыларға А.К.Кубаева мен Р.Т.Джоламановалардың шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) тренингтері колледждің оқытушы-әдіскерлерінің практикалық білімдерін тереңдете түсті. Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушыларына тарих пәні мұғалімі А.Т.Ережепова, информатика, физика, химия, биология пәндері оқытушыларына С.Б.Темиргалиева, А.М.Шарипова, А.К.Купжасаровалар аталған пән мазмұнындағы ерекшеліктер, қысқа мерзімді жоспарлау, әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттарын дұрыс пайдалану, сабақты жоспарлау бағытында жұмыстар жүргізіп, топтық жұмыстар жүргізді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері М.С.Жанғалиев пен М.Н.Бисемалиевтер колледж әдіскерлеріне жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер, ортақ тақырыптар арқылы оқыту, ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту, оқу жетістіктерін бағалау тәсілдерін түсіндіре отырып, практикалық тұрғыда сабақ өткізе отырып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Саз пәні мұғалімі А.У.Батырова, көркем еңбек, бейнелеу, сызу пәндерінің мұғалімі Г.Х.Галиев колледж оқытушыларына сабақ өткізу барысында ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеу, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамыту, музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындата отырып, пәнді жүргізудің әдіс-тәсілдерін түсіндірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.