УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Тілге құрмет – елге құрмет!» атты тіл айлығы

Жылдағы үрдіске сай колледжде жаңа оқу жылы басында  оздырылатын тіл айлығы  2017 жылдың 5-қыркүйегінде «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты тақырыппен ашылып, өз жалғасын табуда. Айлықты ұйымдастырушы қазақ, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы. 

Айлық жоспарына сай кафедра оқытушысы Л.А.Нагимова «Әлем таныған азат ел» әдеби кешін оздырып, белсенді жастар өз өнерлерін ортаға салды. 05.09.-09.09.2017ж аралығында сауаттылық апталығы барысында І,ІІ курс  «Тіл мәртебесі  - ел мерейі» тақырыбында бақылау диктантын жазса,  ІІІ, ІҮ курс студенттері арасында «Экспо – болашақ бастауы»  атты шығармалар  байқауы жүргізілді. Сондай-ақ, ана тілімізге арналған қабырға газеттері де студенттер шығармашылығының айқын көрінісі ретінде танылуда.«Туған жер» бағдарламасына орай  1,2,3 курс студенттерімен кафедра оқытушылары Қ.Мырза-әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болып, құнды мәліметтер мен жәдігерлерді тамашалады. 

15.09.2017 ж қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Тілге құрмет – елге құрмет» айлығы аясында Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасымен бірлесіп өткізген «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Секілді өмір қысқа жарты тұтам...» тақырыбындағы кешке 2б КШК, 2б КШТ топтары ат салысты. Ұйымдастырушы: оқытушы Ж.К.Кадиралиева. «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында өткізгелі отырған «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырларымен мәңгі өшпес із қалдырған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Секілді өмір қысқа жарты тұтам...» атты шарада ақын   Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы, шығармашылығы айтылып,  1907 жылы жазған «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам»  өлеңін 2 курс студенті Әсел Болатқызы, 1912-1914 жылдары  жазылған «Оқып жүрген жастарға»,  «Туған еліме» өлеңдерін Лаура Нигметова мен Айкамен Мұхамбетовалар мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Ал 1917 жылы жазылған «Алаш ұраны» өлеңін Нұрлан Едігенов оқыды.

  

Ақынның шығармашылығы мен әдебиет саласына қосқан еңбектері жөнінде  сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Қажығалиқызы алды. Содан кейін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорындағы  әдебиеттерден, бүгінгі ақын шығармаларына арналған  «Терең ойлы - ақын»  атты кітап көрмесіне кітапханашы Айтимова Фариза  шолу жүргізді. Шараның соңында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Кенжебаева Сара Көшәліқызы сөз алып, студенттерге рахметін айтып, алғысхаттармен марапаттады.

Айлық аясында оқытушы А.Т.Зайнуллина жетекшілік ететін 3 б КШК тобы «Жасай бер мәңгі, Астана!» елорданың 20 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Кеш басрысында Астана қаласының тарихынан құнды деректер мен мәліметтер келтірді. Топ студенттері А.Ақымғожина, Ж.Сейітжан, А.Кенжеғалиева, Е.Нұржановтар ақындар өлеңін оқыса, А.Әнтепова Астанаға өз арнауын арнады. Топ студенттері А.Асылзат, Л.Муратова «Астана» әнін әуелете шырқады. Ә.Қалықбергенова, Р.Букаева ұллтық билерімен көзге түсті. Кеш барысында елді әлемге тағы да бір мәрте танытқан «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінен бейнеролик көрсетілді.  Кеш соңы И.Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды. Бұл кештен  студенттер Астанамыз туралы тағы бір мәрте білімдерін кеңейтіп, туған еліне деген құрметтері мен сүйіспеншіліктері арта түсті. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.