УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Әдістемелік отырыстар

24 қыркүйек күні №46 аудиторияда әдістемелік отырысы өтті. Бұл отырысқа колледж оқытушылары қатысты. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

 

1. «World Skils Kazakstan чемпионаты – бүгін және ертең» - атты баяндама. Баяндаушы ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Б.Сарсенгалиева

2. Жеке жоспар (жазылуы мен есебі)

3. Өзара сабаққа қатысуы

4. «Жас мамандар мектебі»

5. Конференцияларға қатысуы, басылымдарға мақалалар шығару (алған сертификаттардың ксерокопиясын тапсыру)

6. Аттестациядан өтетін оқытушылардың дайындығы.

Отырыс барысында оқытушыларға «World Skils Kazakstan чемпионаты» жөнінде видеоролик көрсетілді, сондай-аө слайд материалдары арқылы бұл чемпионат туралы ақпарат берілді. Оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндаушы жауап берді.

Келесі сұрақ бойынша жеке жоспардың үлгісі экраннан көрсетіліп, жазылу тәртібі түсіндіріліді. Сондай-ақ үлгісі «сетевой» папкасына салынды. Оқытушыларға сабаққа өзара қатысуы, «жас мамандар мектебі», конференцияларға қатысуы, басылымдарға мақалалар шығару жөнінде ескерілді.

01 қазан күні кафедра оқытушылары №22 кабинетте колледж мұғалімдерін жинап, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Сарсенгалиева айлықтың жоспарымен таныстырып өтті, сондай-ақ өтетін шараларға, соның ішінде «Жас оқытушылар» мектебінің отырысы, оқытушылардың ашық сабақтары, конференция, семинарларға қатысуын ұсынды. Әрі қарай оқытушылармен колледж психологы А.С.Имашева  ұжымдастыруға арналған тренинг өткізді. Тренинг барысында оқытушылар бір бірінің артында тұрып, алдында тұрған оқытушының арқасындағы қағазға тілегін, ол туралы өзінің ойын жазып музыка әуенімен өтіп шықты. Тренинг аяқталған соң әрбір оқытушы өзі туралы оқып, рефлексия бөлімі өткізілді. Келесі сәтінде кафедра оқытушысы Шотова Г.С. «Мыльный пузырь» ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынның мақсаты қатысушылардың көңіл күйлерін көтеру, белсенділіктерін арттыру. Ойыннан кейін кафедра меңгерушісі Аманбаева А.А. қатысушылардың тақтадағы жүрекке көңілдерін аударды. Бұл «Колледж жүрегі», ондағы шағын парақтарға бүгінгі шарадан алған әсерлеріңізді жазуды ұсынды. Жалпы ашылу салтанаты өте көңілді өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.