УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Жақсылық жасау әр адамның ісі

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: Дискуссия,   пікірлесу, тренингтер, өлең айту. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,видео роликтер.

Орал техникалық-техникалық колледжінде жаратылыстану кафедрасы мұғалімдері студенттермен  «Жақсылық жасау әр адамның ісі»  деген тақырыпты насихаттау, сонымен қатар, Адамгершілік – имандылық негізі» тақырыбында дискуссия өткізді. 

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт , ұлағатты ұстаздар, құрметті студенттер.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Жақсылық жасау әр адамның» ісі атты 3-4 топ студенттерінің шарасына қош келдіңіздер. Студенттер «Бумеранг добра» деген роликті қарап, талқылады.

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Жақынды, досты аяла, 

Қанатың сонда талмайды. 

Барыңды жұрттан аяма, 

Жақсылық жерде қалмайды. 

Жайдары жүзбен жарқыра, 

Қатігез болсаң  сол қайғы. 

Қайырымды бол халқыңа, 

Жақсылық жерде қалмайды 

Олай болса барлығымыз назарымызды бейнероликке аударсақ. Бумеранг.

Студенттерге көрген бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісу және сұрақтар қою

Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

Адам дүниеге ештеме қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік.

Олай болса 3-4 топтар аралығында шағын ғана пікірталас ұйымдастырсақ.

Барлығымыздың алдарымызға берілген дөңгелек пішіндері бойынша отырған студенттер пікірталастың шарты бойынша жақтаушы және даттаушы жақ болуы керек.

Сұрақтар.

Тренинг  - Жақсылық ағашына пікірлерін жазып іледі.

Бүгінгі шарадан алған әсерлері.

Ән «Жақсы адамдар»- барлығы тұрып айтады.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.