28 сәуір күні колледжде террорлық акті қаупі туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтау мақсатында дабыл бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында колледж ұжымы, студенттер және барлық қызметкерлер қауіпсіздік талаптарына сәйкес ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуацияланып, белгіленген қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және эвакуациялау тәртібін жетілдіру.
Жаттығу өз деңгейінде ұйымдастырылып, қатысушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қойылған міндеттерді сәтті орындады.
✅ Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!





































