УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Адамгершілік – имандылық негізі» тақырыбында кездесу өтті

Мақсаты: Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Бұл кезде атеистік танымда тәрбиеленген аға ұрпақ қабір тастан қойма салып, бабалар қорымын темір тажалмен тілгілеп, аңызға айналдырды. Дінімізге қаяу түсірмей бабамыз қалай бізге жеткізсе, біздерде солай ұрпаққа адал етіп, аманат етуіміз керек.

Түрі: Дөңлелек стол,аралас, сауалнама, пікірлесу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,видео роликтер.

Орал техникалық-техникалық колледжінде жаратылыстану кафедрасы мұғалімдері студенттермен діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі дінді насихаттау, сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын кеңінен түсіндіру мақсатында «Адамгершілік – имандылық негізі» тақырыбында кездесу өткізді. 

Барысы: 

1) Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптағы ынтымақтастыруды қалыптастыру үшін, сәлемдесу ойынын жылдам орындату. 

2)Оқушылырға жан-жақты түсінік беру. 

Джуматаева Н.Х жаратылыстану мұғалімі  1-4 курс студенттерге  “Діни экстремизм” туралы берілген түсінік жұмыстарымен таныстырды. Мұғалім қазіргі таңда елді аздыру мақсатында жұмыс жасап жүрген діни қауіпті топтармен таныстырды. Соларды бірі:

Кездесуге облыстық, Орал  қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Ж.Жолмұханова, қалалық  мешітінің имамы Б.Ғұмаров қатысты.

Жиналғандар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарға жауап алып, мамандармен ашық түрде сұхбаттасты. Сұрақтардың басым бөлігі «хиджаб» мәселесі мен «діни экстремизм» турасында болды. Мамандардың сұрақтарына қанағаттанған оқушылар өздерінің алғыстарын білдірді.

Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын десек, болашағымыз балалар өз қолымызда. Олай болса Алла мыз бен Пайғамбарымыз бір деп, өз-өзімізді аздырмай, бірімізге-біріміз бауыр болып, Туымызды асқақтата берейік,- деп имам сөзін қорытындылады.

Оқушылар діни топтардың мақсатымен талаптары туралы жан-жақты мағлұматтар алып, ойлау қабілеттері , рухани мәдениеттімізді өзгеден жетік біліп, білім мен тәрбиені негіз ете отырып. 

Рухани, дамыған мемлекетіміз дамуына үлес қосқан дөңгелек стол «өте жоғары» деңгейде өтті.

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.