26 қараша күні колледжде БҚО, ҚХА Аналар кеңесімен бірлескен колледж ата- аналарымен “ Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында «Бала болашағы - ортақ жауапкершілік», «Отбасы келісімі – үйдегі бақыт Интернет – сыйластық кеңістігі» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс Достық үйінің үлкен залында өтті. Шараға аналар кеңесінің мүшелері, ақсақалдар кеңесі, БҚО ҚХА, Аналар кеңесінің мүшесі, Запастағы полиция подполковнигі Мурзабаева Эльмира Жақсылыққызы, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологы Төрегалиева Гүлдана Асқарқызы, Орал қ. ПБ Абай ПБ ҚКБ аға УПИ ҚЖТІ полиция мойоры Суықбаева Айнұр Жанабаевна, БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі- Шукеева. Гүлжанар Болтовна, Ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі Анесов Мынаутаубик Таубикұлы және колледж студенттерінің ата- аналары, оқытушылары қатысты. Жиналысты колледж құрылтайшысы Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы басқарып жасөспірім тәрбиесіндегі ата- ананың рөлін, жауапкершілігін, қоғамдағы жастардың тәрбиесіне кері әсер етіп отырған кеселдерді айтып түсіндірді. Бақытты, берекелі отбасын сақтау үшін жақсы кеңестер берді, мысалға әр отбасында кешкі шәйді дәстүрге айналдыру, шәй ішіп отырып әңгімелесу керек екенін айтты. Колледж директоры Утарбаева Ляззат Жетебаевна колледж тарихына қысқаша тоқталып, бала тәрбиесі ортақ міндет екенін алға тартып колледждің оқу- тәрбие жұмысын, студенттермен туындайтын мәселерді және балдардың зорлық- зомбылыққа ұшырауының алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар балалар мен көп сөйлесіп сырласып әркез қолдауға шақырды. Жиынға келген ата- аналар бүгінгі спикерлердің баяндамасынан маңызды мәлімет алды. Спикерлер ақпаратты толық түсінікті жеткізді.





































