Колледжінде «Жылжымалы кітапхана» - Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың оқырманға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары 16 қазан күні «Жылжымалы кітапхана» жұмысы ұйымдастырды.
Кітапхананың кітап қорына келіп түскен көркем әдебиеттер, түрлі мамандықтарға арналған кітаптар тб.таныстырылды. Сонымен бірге педагогикалық мамандықтарына сай құнды кітаптар ұсынылды. Кітап көрмесіне колледждің оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, өздеріне қажет ақпараттармен танысып, кітапханаға жазылу ережелері, кітапты қалай алу керектігі туралы толық ақпарат алды.







































