10 қазан күні колледжде «АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты білім алушыларды адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу; Отбасы, колледж және қоғам арасындағы өзара байланыс пен тәрбиелік бірлікті нығайту; Ата-аналарға баланың бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыру жолдарын түсіндіру. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Адал азамат біртұтас тәрбие тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар жиналысқа облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталық директорының орынбасары Курмашева Раушан Амантаевна «Бала эмоциясының әлемі: ата-ананың рөлі» тақырыбында диалог-алаңын ұйымдастырды. Директордың оқу -ісі жөніндегі орынбасары Сагидулина А.М оқу процесінің жүйелі ұйымдастырылуы, қысқы сессияның жүргізілу тәртібін, бағалау әдісі туралы ақпарат берді. Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Кужахметова А.Б. колледжде байқау практикасының, дипломалды практикасының ұйымдастырылуын түсіндірді. Ата-аналар өздерін алаңдататқан сұрақтарын қойып жауап алды. Колледж педагог-психологы Мусеева Г.О. ата-аналарға арналған жаднамалар үлестіріп, жасөспірімдермен көбірек уақыт өткізіп, әңгімелесуге кеңес берді. Ата-ана -колледж-студент арасындағы үштағандық ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы жиын жақсы өтіп, мақсатына жетті.