«ТУҒАН ӨЛКЕ – ТҰНҒАН ТАРИХ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ
БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтетін облыстық «Туған өлке – тұнған тарих» ғылыми-зерттеу жобасы байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу, байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2. Байқаудың мақсаты – туған өлкенің тарихын, мәдениетін, топонимикасын зерттеу және насихаттау, студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
2.1. «Туған өлке – тұнған тарих»облыстық ғылыми-зерттеу жобасы байқауына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады. Командалар немесе жеке қатысушы ретінде тіркелуге болады. Әр қатысушы немесе команда бір ғана жоба ұсынуға құқылы.
2.2. Байқау жұмыстары және қатысу туралы өтінім 2025 жылдың 10 мамырына дейін
2.3. Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Қабылданбай қалған жұмыстар кері қайтарылмайды
2.4. Ғылыми-зерттеу жобасына жіберілген жұмыстарға пікір жазылмайды. Жұмысты қорғау уакыты – 5-7 минут.
2.5. Бағыттары:
- Антропонимика
- Топонимика
Зерттеу жобаларын қорғау байқауларына реферат (баяндама) сипатындағы жұмыстар жіберілмейді.
2.6. Зерттеу жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүргізіледі:
- жұмыстың өзектілігі мен айғақтылығы;
- материалды мазмұндау жүйелілігі;
- орындау сапасы мен тиянақтылығы;
- автордың қосар жеке үлесі;
- сөйлеу шеберлігі.
- Жобаның ғылыми негізділігі.
- Тақырыптың тереңдігі мен жан-жақтылығы.
- Презентацияның сапасы.
- Жобаның практикалық маңызы.
3. Зерттеу жұмыстарын рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
1) Жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
- титул парағы;
- мазмұны;
- абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты) жазылады;
- кiрiспе;
- зерттеу бөлiмi;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) Титул парағында мыналар көрсетiледi:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, ауданы (қала), колледжі;
- автордың тегi, аты, курсы;
- жұмыстың атауы;
- жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) абстракт (аннотация) (130 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
- зерттеудің мақсаты;
- гипотезасы;
- кезеңдерi, зерттеудiң реті;
- тәжірибенің әдiстемесi;
- зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
- жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
- нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кiрiспеде (1,5 беттен артық емес) мыналар келтiрiледi:
- таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi);
- қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (10 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
- осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
- қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
- жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
- суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада көрсету керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай нөмiрлеу реті болады;
7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
- автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
- мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
- журналдың, кiтаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
- басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек.
10) Ғылыми жобаның мәтіндері А4 форматы, Times New Roman шрифтімен, жоларалық интервал 1, таңба өлшемі 14, жиектері: төменгі, жоғарғы – 20 мм, сол, оң – 30 мм. Жұмыстың көлемі 8-10 беттен аспауы керек.
3. Байқауға қатысу тәртібі
3.1. Байқау 2025 жылдың 10 сәуір – 10 мамыр күндері аралығында жүргізіледі. Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат қорытынды шыққаннан кейін 15 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының интернет-ресурстарында орналыстырылады.
4. Қорытынды ережелер
4.1. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге де алғыс хаттар табысталады. Байланыс телефоны: 50-06-17, 8 777 612 01 82, 8 702 239 75 93.
Қосымша
«Туған өлке – тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жобасы байқауына қатысуға өтінім
Жоба атауы |
Орындаушының Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Курсы |
Аудан (қала) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы |
Жоба жетекшісі |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |