Колледждің 1-ші курс студенттері және топ жетекшілері 10 желтоқсан күні Республикалық «Салауатты сана» жобасының шеңберінде және «зорлық-зомбылық 16 күн» Республикалық акция аясында БҚО ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырсына қатысты.
Кеңесті БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері жән отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, п.ғ.д., профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы жүргізді. Шалқыма Хайроллақызы кеңеске қатысушыларға «Салауатты сана» жобасының мақсатын түсіндіріп Аналар кеңесінің нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу бағытындағы жүргізіліп жатырған жұмыстарды баяндады. БҚО білім басқармасы бөлім басшысы Искандарова Хожарбибі Қадырқызы білім беру мекемелерінде құқыбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен күресу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен жүргізілген жұмыстарды саралап нақты ақпаратты жеткізді. ҚР ДСМ БҚО бойынша ДКМФК Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы мониторингі басқармасының бөлім басшысы Мадимарова Жәмиля Қойбағарқызы БҚО бойынша барлық дәріханаларға зеределеу жұмысы жүргізіліп психотропты дәрілер цифрлық таңбалауға айналып жатырғанын айтты. Құрамында синтетикалық есірткі қоспасы бар дәрілерді сатуға тиым салынғанын айтып, заң түрінде дәріханаларда бақылауға алынып жүргізіліп жатырған жұмыстардың оң нәтижесімен қуантты. Кеңеске қатысушы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Сатарова Диляра Махмудовна 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы Жаһандық науқан «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында жүргіліген жұмыстарды баяндады. БҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мурзабаева Эльмира Жақсылыққызы жыл бойы нашақорлықтың алдын алу, есірткі саудасымен күресу, есірткі тасымалдау, дайындау орындарымен күресу бойынша жүргізілген жұмыстарды айтып ең қиналтатыны есірткі саудасымен айналысатындардың ішінде мектеп оқушыларының және колледж студенттерініңде бар екенін мысалға келтірді. Қаншама кездесу ақпараттандыру жұмысы жүргізілседе бұл қылмыстың түрі өңірде өкінішке орай өршіп тұрғанын айтты. Мухамбетжанова Саида Салауатқызы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару (Орал қ.) Республикалық Мемлекеттік мекемесінің психологиялық қызмет тобының бас-маман психологі азаматтық қорғау подполковнигі бүгінгі таңдағы өзіне –өзі қол жұмсау фактілері туралы ақпарат берді. Өзіне –өзі қол жұмсау бойынша жие кездесетін тұрғындардың құмар ойындармен әуестеніп, бережаққа белшесінен батып, оны қайтарудың жолын таппағаннан өздеріне қол жұмсап өмірлеріне зиян келтіретін фактілер көп тірклетінін айтты.
Бұл қоғамдағы бәрімізді алаңдататын мәселе. Жастардың қателесіп түрлі зиянды әрекеттермен әуес болуы оларға отбасында керекті көңіл бөлініп, тиісті тәрбиенің жеткілікті берілмегендігінен деп ойлаймын. Қауіпсіз қоғамда өмір сүру үшін барлығымыз бірлесіп күресіп ұрпағымыздың салауатты санасын қалыптастыруымыз керек.