УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты

2023 жылдың 12-қыркүйегі күні 2абКШФ тобында топ жетекшісі Б.А.Насыровтың ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты студенттердің отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз жанұясы туралы әңгімелеу арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатын көздей отырып, ой бөлісу түрінде ұйымдастырылды.

Топтағы әр студент отбасымен таныстыра отырып, отбасындағы дәстүрлерді, қалыптасқан отбасылық құндылықтарды ортаға салды. Әр студент өз отбасымен мақтанатын жасырмады. Ата-әжеге деген құрмет, ата-ананы сыйлау, отбасындағы қыздарға деген ілтипат, ер адамды жоғары қою сияқты құндылықтар айтылды.

Топ студенттері Самат Мадияр пен Ғадилбекова Ализа өздерінің отбасы тақырыбында дайындаған презентацияларын ұсынды. Кластер әдісін қолдану арқылы отбасы қандай болуы керек деген сұраққа жауап айтылды. Топ студенттері тәрбие сағатынан жағымды көңіл-күймен шықты.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.