УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Отбасы – тәрбие бесігі» атты тәрбие сағаты өтті

Оқытушы Н.А.Утегенова жетекшілік ететін 1аКШФ тобында «Отбасы – тәрбие бесігі» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Тәрбие сағаты барысында «Отбасы –тәрбие бесігі» тақырыбында слайд көрсетілді. Топ мүшелері тақырыпқа сай өлеңдер оқып, ізгі ойларын ортаға салды. Әр отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрінсін!

{youtube}uWm-U0u2zaQ{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.