УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Жұмыс беруші күні

19 мамыр күні Орал гуманитарлық-техникалыө колледжінде «Жұмыс беруші күні» шарасының ұйымдастырылды. Шараға №43 «Өркен», №34 «Балбұлақ», №27 «Жігер», № 19 «Золотой петушок» бөбекжай, № 3, № 17, № 46, № 10 қала мектептерінен жұмыс берушілер қатысты. Алдымен атқарышы директоры Л.Ж. Утарбаева колледж тарихымен және жетістерімен таныстырды. Бітіруші топ студенттердің дипломалды практика бойынша үлгілі папка көрмесі ұйымдастырылды. Студеттер өз мамандығының ерекшеліктерімен таныстырды, қатысушылармен шығармашылық тапсырмалар орындатты.

Жұмыс берушілер үшін колледж және шағын орталық бойынша танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізілді Жұмыс берушілер коллед оқытушылар және студенттердің қойыоған сұрақтарына нақты, мазмұнды жауап берді. Практика өту бойынша келісімдерге қол қойылды. Колледж әкімшілігі , БҚО Білім беру басқармасы атынан директор үздік жұмыс берушілерді құттықтау хаттарымен марапаттады. Шара соныңда жұмыс берушілер алған жағымды әсерлермен, пікірлермен бөлісіп алмасты. Маңызды шара ұйымдастырған үшін колледж ұжымына ризашылық білдірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.