15 ақпан күні Педагогика және психология апталығы аясында “Педагогика білгірлері” атты педагогикалық олимпиада өтті. Шараның мақсаты студенттің – болашақ мұғалімнің кәсіби педагогикалық мотивациясын дамыту және кәсіби даму құралы ретінде студенттердің «Мен-концепциясын» қалыптастыру болды. Педагогикалық олимпиадаға 2-курс студенттерінен 5 топ қатысып, І,ІІ,ІІІ орындарымен марапатталды.