УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

26.09.22-11.11.22 апта аралығында байқау практикасы

«Орал гуманитарлық-техникалықколледжі» мекемесінің 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111013 «Қазақтілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 4аКШК, 4бКШК, 3вКШК топтарының студенттері қаладағы №19,40,45 ЖББМ-де 26.09.22-11.11.22 апта аралығында байқау практикасынан өтті. 23 қараша күні байқау практикасының қорытындысы бойынша конференция ұйымдастырылды. Студенттер конференцияға байқау практикасы бойынша құжаттарының папкаларын жасақтап әкелді.

Әр студент практика кезінде қолданған қысқа мерзімді жоспарларымен, көрнекіліктерімен, сабақ беру барысының үзінділерімен таныстырып көрсетті. Есеп беру кезінде студенттер оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орныбасары Г.С. Шотованың, практика бойынша әдіскерлер С.Б. Акбулатова, К.К. Косбаеваның қойылған сұрақтарына жауап бері.

Топ студенттеріне білім беріп, байқау практикасына дайындағаны үшін қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән оқытушылары Сайра Бериковна Акбулатова мен Кунзия Кабидуллаевна Косбаева № 19 ЖББМ мектеп әкімшілігінен алғыс хаттарымен марапатталды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.