УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқушылар үшін облыстық кәсіптік бағдар

2.12.22 ж. Орал политехникалық колледжінің базасында БҚО облыстық білім басқармасы БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқушылар үшін облыстық кәсіптік бағдар ұйымдастырды. Біздің колледж қатысты. Колледж оқытушылары А. Е. Айталиева, А.Е. Қуанышева, 3аКШР тобы студенттері С. Джантурганова, Б. Каздуков қалалық мектеп оқушыларына колледж мамандықтары, қабылдау шарттары туралы ақпарат берді.

Мамандықтар, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар туралы ақпараты бар парақшалар таратылды. Колледж студенттері оқушыларды біздің колледжде оқудың артықшылықтарымен таныстырды. Орал политехникалық колледжінің акт залында оқушыларға барлық колледждердің бейне материалдары ұсынылды. БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі А. А. Куспанова оқушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдау кезеңдерімен таныстырды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.