УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

Кафедра естествознания и общественных дисциплин

 Утегенова Набира Ақылбековна - жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі

Туған жылы: 01.11.1970

Оқыту пәні: Қазақстан  тарихы,  саясаттану,  философия,  құқық  негіздері

Өтілі: 22

Санаты: 13

Білімі: Жоғары

Қазақстан өз саяси, экономикалық- әлеуметтік құрылымын жаңартуға бет алып отырған уақытта қоғамдық өмірдегі өзгерістер айқын көрініп отыр. Азаматтық қоғам, әлеуметтік бағытталған экономика, демократиялық-құқықтық мемлекет құруға бет алған біздің қоғам үшін адамдардың қоғамдық ой танымдарының сапалық өзгерісі ауадай қажет. Бұл мақсатты шешу жолында қоғамдық-әлеуметтік пәндердің маңызы зор.

Кафедраның алдына қойған негізгі мақсат, міндеттері:

1.  Жаратылыстану  және  қоғамдық пәндер бойынша сапа көрсеткішін көтеру.

2.  Жаратылыстану  және  қоғамдық пәндер бойынша ЭӘЖ білім беру мазмұнын толықтыру және жетілдіру.

3.  Жаратылыстану  және  қоғамдық пәндерді оқыту үрдісіне жаңа пед. технологияларды енгізуді жетілдіру;

4.  Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін-өзі танытуын қалыптастыруға тәрбилеу бағытында жұмыстану;

5.  Жаратылытану  және  қоғамдық пәндерді оқыту арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

6. Оқушылардың білім сапасын және қоғамдық пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында студенттермен жүргізілетін ғылыми-практикалық ізденіс жұмыстарының сапасын жетілдіру.

7. ҚР мемлекеттік саясатын насихаттау, қазақстандық патриотизмді, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру бағытындағы іс- шараларды жоғары дәрежеде өткізу.

8.  “Мирас”  клубының жұмысын жандандыру.

Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары алдарына қойған маңызды міндет деп түсінеді. Кафедра құрамы 9 оқытушыдан құралған, оның 1-экономикалық  ғылымдар кандидаты, 2-бірінші санаттағы, 1-екінші санаттағы  магистр, 3- екінші  санаттағы,  2- тоғызыншы  разрядтағы  оқытушылар.

  Оқытушының аты-жөні Оқыту пәні Өтілі Санаты Білімі Марапаттауы
Утарбаева Л.Ж. Экономика негіздері 4  

Жоғары

Экономика  ғылымының  кандидаты

 
Утегенова Н.А. Қазақстан  тарихы,  саясаттану,  философия,  құқық  негіздері 8 13 Жоғары  
Төлеутаева А.Ғ. География, химия 1 9 Жоғары  
   Иштаева Ф.Қ.  Өзін-өзі тану  13 12   Жоғары  
 Мазгутова Д.Е.  Химия-биология  15 12   Жоғары  

Жаңа оқыту үрдістерін пайдалану, оның тиімді жолдарын іздеп-табу мұғалімді көп ізденіске жетелейді. Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары өз пәндері бойынша электрондық- әдістемелік жүйе құрып, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға, компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға, интерактивтік тақтамен жұмыстануға ерекше көңіл бөліп отырады.

ҚР мемлекеттік саясатын насихаттау, қазақстандық патриотизмді, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруды кафедра оқытушылары күрделі міндет деп біліп, осы бағыттағы іс- шараларды жоғары дәрежеде өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.

«Мирас» клубы.

2002 жылы қоғамдық кафедра жанында «Мирас» клубы құрылды. Клуб мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен ңығайту.

Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда жастар саясатының мына бағыттарына басымдылық беру көзделеді:

• жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.

• жастардың интелектуалдық дамуына жағдай жасау.

• жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

• Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.