ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Колледжде оқу-әдістемелікжұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифраландыру, инновациялар және білім беру сапасы» атты республикалық семинар

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Орал гуманитарлық-техникалық колледж серіктестік аясында СҚО Петропавл қаласының М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжімен бірлескен «Колледжде оқу-әдістемелікжұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифраландыру, инновациялар және білім беру сапасы» атты республикалық семинар өтті. Семинарға Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледждерінің оқытушылары қатысты. Семинардың мақсаты: тәжірибені тарату, өзекті мәселелерді талқылау және колледжде білім беру үрдісін ұйымдастырудың тиімді шешімдерін іздеу.
Колледж оқытушылары А.Ж.Отарбай, Д.Е.Мазгутова, Г.С.Шотова, А.Б.Кужахметовалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің өзекті мәселелерге байланысты ой-пікірлерін тындады. Семинар мақсатына жетті, бірілескен жұмыстарды жалғастыру көзделді.

stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.