05.12. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тарих, химия және биология пәндері апталығының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында жалпы ақпараттар берілді, көрме жасақталды. Бұл пәндердің адам өмірінде алатын маңызы өте зор.
Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері туралы баяндайды, биология тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады, химия күнделікті заттар және олардың өзгерістері туралы мәліметтер береді. Студенттер өлең жолдары мен арнауларын оқыды. Пән оқытушылары апталықтың жоспарымен таныстырып өтті. Апталық жұмысы барысында студенттердің танымдық деңгейлерін кеңейту, тіл байлығын молайту, өз ойын жеткізе білуге үйрету және шығармашылық жұмыспен шұғылдануға баулу мақсатында түрлі іс-шаралар ұсынылып, белсенділік танытулары туралы айтылды. Шараға оқытушылар мен студенттер қатысты.