ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Жұмыс беруші күніне» арналған іс-шараның салтанатты ашылуы өтті

15 қараша күні колледжде «Жұмыс беруші күніне» арналған іс-шараның салтанатты ашылуы өтті. Колледж студенттерімен «Мен және менің болашақ мамандығым» атты шағын сұхбат жүргізіліп, ұстаз, тәрбиеші мамандығы туралы өз ойларымен, көзқарастарымен бөлісті. Студенттерді мамандыққа кірісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс студенттеріне №16 «Лесная сказка», №37 «Жұлдыз-ай» балабақшаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Әдіскер А. Даукенова (колледждің мектепке дейінгі пәндер оқытушысы, №16 «Лесная сказка» бөбекжайының өндірістен қызметкер), меңгерушісі С. Вахитова, №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжай тәрбиешілермен (әр жылдардағы колледж түлектері А. Шайхина, Г.Абдрахманова, Г. Айболатова, А. Жапақова) танымды және қызықты кездесу, әңгімелесу өткізілді. Колледж түлектері - қазір тәрбиешілер дәстүрлі емес оқыту әдістерін қолданып балалармен сабақ көрсетті. Колледж студенттері бөбекжай тәрбиеленушілерімен әтүрлі ойындар ұйымдастырды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.