ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Ата-аналар жиналысы оздырылды

24 қазан- 4 қараша аралығында колледжде барлық топтарды ата-аналар жиналысы оздырылды. Н.А. Утегенова жетекшілік ететін 2аКШМ, 1вКШМ тобында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа 17 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде топтың күнделікті сабаққа қатысы, машықтың өту барысы, жалпы топ мүшелерінің тәртібі жайлы мәселелер қаралды. Топ жетекшісі ата –аналармен жалпы адамзаттық құндылықтар тақырыбында сөз қозғады. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбында баяндама оқылды. Онда бала тәрбиесіндегі отбасының ролі мен ықпалы жайлы айтылды. Әрбір отбасы – бұл үлкен күрделі дүние. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана болып табылады. Ата-аналардың және отбасындағы үлкендердің басшылығымен бала тұңғыш рет айналадағы дүниені танып, өмірге және еңбекке дайындайды. Олардың мінез-құлық дағдысы, көзқарасы мен нанымы өз үйінде қалыптасады. Өз халқының нағыз азаматын тәрбиелеуде ата-ананың рөлі ерекше. Видеоролик ұсынылып, тақырыпқа байланысты ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Топтағы студенттердің күнделікті сабаққа қатысы мен ішкі тәртібі туралы сөз болып, ата-аналарға бірлесіп жұмыс жүргізуге баса назар аударылды және үйден қадағалап отыру қажеттілігі жайлы да ескертілді. Жиналыс барысында студенттер ата-аналарға арнап өдерінің өнерлерін ортаға салып, әдемі көңіл-күй сыйлады.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.