03 қараша 2022 жылы Орал гуманитарлық – техникалық колледжі оқытушылары мен қалаллық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында «Колледж бен мектеп ынтымақтастығы: Инновация. Жаңа тәсіл. Тәжірибе.» атты семинар-практикум өтті. Семинар-практикумге колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қатысып, осы семинардың маныздылығын атап өтіп, қалалық білім бөліміне, мектеп мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинарға қаланың № 1,6,7,26,30,34,38,40,43,46, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы мұғалімдері қатысты. Қатысушылар қазіргі таңдағы жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында шебер сыныптар көрсетті. Сабақта жаңа технология, инновациялық әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын ояту, білімқұмарлыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу қатысушылардың шебер сыныптарында орын алды. Оқуды бағалау, бағалау критерийлары талқыланды. Соңында кері байланыс жүргізіліп, семинарға қатысушыларға ризашылық білдіріліп, жоғары деңгейде өткені айтылды.