ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Студент және Ғылым: Ізденіс. Инновация Даму» атты халықаралық студенттік конференция

2022 жылдың 28 қазаны күні Орал гуманитарлық – техникалық колледжінде БҚО Білім беруді дамыту орталығының қолдауымен «Студент және Ғылым: Ізденіс. Инновация Даму» атты халықаралық студенттік конференция өтті.

Конференцияға білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.М.Сабиров, Самара облысының кәсіптік білім директоры О.Ю.Нисман, колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қатысып, конференцияның маныздылығын атап өтіп, Ресей Федерациясынан қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға үш секция бойынша 150-ден жуық өтінімдер қабылданып, Ресей мен Қазақстанның студенттері қазіргі әлемдегі әлеуметтік –экономикалық даму жағдайының, полилингвиальды тұлғаны дамыту бағыттарын іздестіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда тәжірибе алмасу бағыттары бойынша баяндады. Студенттердің баяндамалары қызу талқыланды. Әсіресе, полилингвиальды тұлғаны дамыту жолдары, көптілділіктің қазіргі таңдағы қоғамда орны, дене тәрбиесі және спорт салалрын дамыту түрлері, заманауи технологиялардың қолдану жолдары туралы баяндамалар қызығушылық танытты. Конференция сонында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар осындай шаралардың қарым-қатынаста, ынтымақтастықты нығайтуда орны зор екенін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.