ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

“Серілер” этно-фольклорлық квартетімен кездесу кеші оздырылды

Музыкалық білім беру мамандығының апталығы шеңберінде өткен, музыкалық қонақжайымызда Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы жанынан құрылған “Серілер” этно-фольклорлық квартетімен кездесу кеші жоғары деңгейде оздырылды. Кеш барысында әртістердің орындауындағы концерттік бағдарламамен шектеліп қана қоймай, студенттер өнер саласы бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салған болатын.

“Серілер” ансамбліне тәнті болған студенттер, қонақжай қонақтарына жүрек жарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар өнерпаздармен бірге күйге қосылып, домбыра- party жасап өнерлерін ортаға салды. “Серілер” квартеті кеш барысында; Құрманғазы, Қорқыт, Дәулеткерей, Сүгір, сынды көне күйшілер мен Қуаныш, Камек сынды жаңа заман композиторларының шығармалырын орындады. Жас ұрпақты аспаптық қазақ музыкасына, кеңірек айтқанда қазақтың көне аспаптарын тыңдауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара өз мақсатына жетті.

 

 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.