1 сәуір күні колледж студенттері Орал қалалық кітапханалар жүйесі оқу залының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының басталуына орай “Ұлтымыздың мұрагері иманды ұрпақ” тақырыбында танымдық кездесу шарасына қатысты.
Шараның мақсаты: жастарды мейірімділікке, адалдыққа, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Кездесу барысында арнайы шақырылған Орталық мешіттің наиб имамы, теолог Наурыз Ибатұлы: Рамазан айы - тәубешілік айы, кешіріммен кеңшілік айы, қайырымдылық пен жомарттық айы, құран оқу айы екені жөнінде кеңірек ақпарат берді.
Студенттері өздерінің сауалдарын жолдай отырып, мұсылманның бес парызының бірі оразаның қадыр-қасиеті туралы мол мәлімет алды.