Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушы К.К.Косбаева жетекшілік ететін "Шетел тілі мұғалімі" біліктілігінің 4абКШИ тобында Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақтың дәстүрлерін" тақырыбында тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ халқының шашқа қатысты айдар, тұлым, кекіл, бұрым түрлері, оған тағылатын әшекейлер-шолпы, шашбау, үкі туралы түсініктер берілді. Шараға колледж әкімшілігі мен топ ата-аналары қатысты.