ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Елбасының қола медаліне қол жеткізді

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі жастарды қолдау мақсатында «El Úmiti» бастамасымен ұйымдастырылған жобаға колледж студенті Жаксенова Асел Амангелді қатысып Елбасының қола медаліне қол жеткізді. Колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева Наурыз мерекесі қарсаңында студентті жетістігімен құттықтап Елбасы медалін салтанатты түрде табыстады. ????????????

Бағдарламаның негізгі символы - табыстың 7 жебесін білдіреді. Осы жеті бағыт бойынша бағдарламаны аяқтау жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал етеді. Бағыттарды атап өтетін болсақ, олар - «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Жобаның басты мақсаты - 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге жаңа серпін беру, даму жолында барынша қолдау көрсету» Бағдарламаға қатысу тегін . Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Әр деңгейде қойылатын талаптар бар. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бұл бағдарламаның пайдасы жастардың бос уақыт тиімді пайдаланып, жеке дамуымен айналысуына үлкен мүмкіндік. Асел жетістік құтты болсын дейміз.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.