ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

14 наурыз - Көрісу мейрамы

 

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешірілетін күн.

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Колледж студенттері мен жастары ертемен көрісуге асығып, үлкендермен көрісіп, бір -біріне ақ тілектерін білдірді. Үлкендер батасын беріп, студенттерге наурыз көжемен бауырсақ үлестіріліп, ән айтып, би билеп, шашу шашылды. Колледж атқарушы директоры Утарбаева Ляззат Жетебаевна жастарға жаңа күн, жаңа жылдың, көрісу күнінің маңызын түсіндіріп құттықтады.

{youtube}Cj_uIADkFr8{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.