2022 жылдың 22-ші қаңтар күні «Өзін- өз басқару» ұйымын мүшелері, «Ашық жүрек» еріктілер клубының студенттері өздерінің демалыс күндерін қайырымдылыққа арнады. Әрқашан қайырымдылыққа, жалғыз басты қарияларға көмектесуге дайын тұратын колледждің мейірімді жастары Қайша Миханова көшесінде тұратын Вера әженің хал жағдайын білуге барды, ауласын қардан тазалауға көмектесті. Вера әже жастарға ризашылығын білдіріп алғысын айтты. Қайырымды жастардың қатары көбейе берсін!