ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Шерхан Мұртазаның мұрасы – адалдықтың жебесіндей» тақырыбындағы онлайн адалдық сағаты

«Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4абКШИ тобы студенттері топ жетекшісі К.К.Косбаевамен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шерхан Мұртазаның мұрасы – адалдықтың жебесіндей» тақырыбындағы кезекті онлайн адалдық сағатын тамашалады.

Қазақ әдебиетінің қара нары, қазақ журналистикасының жампозы, шындықтың жебесі тәрізді дүниелерді бір бойына сыйдыра білген тау тұлға Шерхан Мұртаза ұрпақ тәрбиесінің жүйесін белгілеп берді. Ол ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық тәрбие деген ұғымдарды жете көрсетіп кеткен жазушы ерекшелігі де осында.

Топ студенттері Бауыржан Момышұлынан кейін мылтықсыз майданның батыры- "Қазақ баспасөзінің Бауыржаны" атанған жазушы Шерхан Мұртазаның, Шерағаның: «Көрер көз болса, ғибрат алар адамдар арамызда, әсіресе жастар деп ойлаймын»,-деп өздеріне айтылғанын түсініп, топ студенттері М.Сәрсен, С.Халел өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олар топтастарын өмірде тек адами адал, шыншыл болуға шақырды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.