ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында қыз балаларға арналған тәрбиелік шара

13.10 күні Орал  гуманитарлық-техникалық колледжінің 1а КШМ тобында  «Қыз қылығымен көрікті»  тақырыбында қыз балаларға арналған тәрбиелік шара ұйымдастырылды.Топ жетекшісі Н.А.Утегенова тақырыпқа байланысты қыз баланың бойындағы ізгі  қасиеттері  мен құндылықтары туралы баяндап өтті. Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп,тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Оны мынадай мақалдар мен даналық сөздерден де байқауға болады.

"Қыз қылығымен тәтті", "Қыздың жолы жіңішке".  Болашақ жас ұрпақты адамгершілікке мол, иманды, инабатты, өнерлі  етіп тәрбиелеу-қазақ халқына үлкен де, жауапты міндет. Сондықтан, қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған абзал. Шара барысында қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздер беріліп, студенттер өз ой-пікірлерін білдірді. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.