ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Орал гуманитарлық колледжінде кезекті адалдық сағаты 1 курс студенттерімен колледжде өтті. Онлайн режимінде оқитын 2-4 курс студенттермен ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Колледжде кезекті адалдық сағаты дала кемеңгері қаз дауысты Қазбек би Келдібекұлының өмір жолы мен нақыл сөздеріндегі әділдік және парасаттылық қағидатына арналды. Қаз дауысты Қазбек би қазақ хандығының 17-18 ғасырларындағы ұлы билерінің бірі. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазбек би бабамыздың еліміз үшін жасалған жан кешті ерліктері қабылданған нақты шешімдері мен әділ төреліктерге толы болғаны түсіндірілді. Қазақтың түбіне жететін ауыр дерт деп парақорлықпен әділетсіздікті айтып кетті және күресті. Бұл дерттің емі ашықтық екені айтылды. Қазбек бидің нақыл сөздері мен өлең шумақтарын студенттер талдап түсініктерін білдірді. Адам бойындағы құндылық ол ар мен ұятты сақтауға парасаттылық қағидаттарды ұстануға елімізді дамытуға әр тұлға жауапкершілікпен қарап адал болуымыз керектігі түсіндірілді.

   

{youtube}ejJGfGbxejQ{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.