ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Жаңартылған білім беру жағдайында заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбында ZOOM платформасында қалалық онлайн вебинар

2021 жылдың 12 наурыз күні колледж бен мектептер, бөбекжайлар арасындағы ынтымақтастықтарды нығайту, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқытудағы жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, өзара педагогтер арасында тәжірибе алмасу мақсатында, ынтымақтастық аясында Орал гуманитарлық-техникалық колледжі мен жалпы орта білім беретін мектептер, бөбекжайлар арасында  «Жаңартылған білім беру жағдайында заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері»  тақырыбында ZOOM платформасында қалалық онлайн вебинар оздырылды. Вебинарға мектеп, колледж педагогтерімен қатар колледжіміздің 4 курс студенттері қатысты. Онлайн шара барысында қаламыздағы №19, №46 және М.Ықсанов атындағы №36жалпы орта білім беретін мектептерінің, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының педагогтері бастауыш сынып, қазақ тілі, ағылшын тілі, музыка пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс-тәжірибелерімен бөліссе,  №37 «Жұлдыз-ай», №34 «Балбұлақ» бөбекжайының педагогтері қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы негізгі нормативтік құжаттар, бөбекжайда жаңартылған білім беруде қолданылатын инновациялық әдістер туралы айтты. Сондай–ақ, вебинардабиылғы колледжіміздің түлектері  үшін BilimLand компаниясының  PR менеджері Ізбасар Боранбайұлы Амангелдин еліміздегі білім саласында пайдаланылатын  BilimLand қашықтықтан оқыту жүйесі, BilimKids, Twig-Bilim, iMektep, BilimBook жүйелері туралы, ал мектеп ұстаздары электронды күнделікті толтыру барысы жайлы толық та мәнді ақпарат берді. 

Аталмыш шара соңында баяндамалары бойынша педагогтерге сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.