ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Іздесе мені кімде - кім, Шырағдан етсін жырымды...» атты тақырыбында пән айлығының ашылу салтанаты өтті.

2020 жылдың 14 қыркүйегінде Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының «Іздесе мені кімде - кім, Шырағдан етсін жырымды...» атты тақырыбында пән айлығының ашылу салтанаты Zoom конфенциясында өтті. Айлық жерлес айтулы ақын, көркем сөз шебері, қазақ және кеңес поэзиясын ілгері дамытуға өз үлесін қосқан, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналды. Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Л.А.Нагимова кафедра құрамымен таныстырып, жаңа оқу жылымен және айлықтың ашылуымен құттықтады. Жиын барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы К.К.Қосбаева мен «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы А.Б.Джамбаева айлықтың жоспарымен таныстырып, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданғандығы туралы мәліметтерді атап, студенттерді айлық барысындағы өтетін шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, 2а,бКШК тобының студенттері Н.Байзуллина Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын», А.Рамильева М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», А.Сагидуллина А.Байтұрсыновтың «Туған тілім», Н.Жамбылова С.Торайғыровтың «Туған тіліме» және 4бКШК тобының студенті Б.Канаева М.Шаханов «Төрт ана», А.Дүйсенова Р.Гамзатовтың «Ана тілі» атты өлеңдер жырларын арнады. Жиынға колледждің 1-4 курс тобының студенттері мен оқытушылары қатысты. Жиын соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай сөз сөйлеп, кафедра оқытушылары мен колледж студенттеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, студенттерге жылы лебізін білдірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.