ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Біз өмірдің гүліміз» тақырыбында отбасы үлгісіндегі балалар аулының тәрбиеленушілерімен тренинг өткізді.

12 ақпан күні колледж психологы Б.Б.Қонарова «Біз өмірдің гүліміз» тақырыбында отбасы үлгісіндегі балалар аулының тәрбиеленушілерінің кіші және орта тобымен тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, психикалық денсаулығын жақсартуға, қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға, өз-өзін реттеуге игеру. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерінің кіші және орта тобы бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсетіп тренингке өте жақсы қатысты өздерінің үштілдікті қалай меңгергендерін көрсетті. Жалпы адамзаттық құндылықта жайында бәрі бірге отырып ертегі құрастырып, С.А.Назарбаеваның өмірі мен жетістіктері туралы ақпараттармен бөлісті. Тренинг соңында өнерлі балалар өз өнерлерін көрсетті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.