ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

12.02 ақпан күні 2а,б КШФ тобында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбиелік шараның мақсаты: Студенттерге қарым – қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру; Тәрбиелік шараның міндеті: Туған елін, жерін сүю, адамзаттың барлығын жақсы көру, адам өмірінде сүйіспеншіліктің мәнін ашу.

Ата – анасын құрметтеуге, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу; Топта жүргізілген тәрбиелік шараға студенттер ерекше белсенділік көрсетті. Кеш жүргізушілері топ студенттері: Әділбек Ерболат пен Куанова Диана «Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі» Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесапатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілікте – деген сөздермен тәрбиелік шараны ашты. Кеш барысында анаға деген сүйіспеншілік негізінде «Ана туралы жыр» топпен хормен айтылды. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, отағасы. «Әке асқар тау» деп бекер айтылмаса керек. Әкені ардақтау – әркімнің міндеті. Қазір көп адамдар ата – аналарын қарттар үйіне апарып тастап жатады. Соның бір көрінісі ретінде студенттер «Әке мен Бала» атты бейнеролик тамашалайды.

Бейнероликтен алған әсерлерін Алиев Тимур, Рамазанов Эльдар және Искалиев Рүстем айтып, іштегі жүрек жарды ойларын айтты. Топ жетекшісі : Иштаева Фарида Куанышкалиевна «Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі» дей келе, Слайда берілген дәйексөздермен таныстырылып, шолу жасады. Топ студенттерімен тәрбиелік шара ән,би және көріністер арқылы одан әрі өз жалғасын тапты. Тәрбиелік шараға колледж құрылтайшысы: Құрманалина Шалқыма Хайруллаевна қатысып, топ студенттеріне ізгі тілегін білдіріп, алғыс айтты. Шара соңында «Ұстазым – менің ұстазым» әнімен шара өз мәресіне жетті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.