ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» акциясы

 

07.02. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жас Отан жастар қанаты» бастауыш бөлімшесі және «Достық» еріктілер клубының белсенді студенттері бірлесіп «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» акциясын қолдап, суық күні көшеде жұмыс жасап жатқан жұмысшыларға өз қалауларымен ыстық шәй мен бәліш таратып, сауапты істің ұйтқысы болды.  Ыстық аспен жүрек жалғап, бойды жылытып, суық күнде де шаршамай, елдің қызметі үшін еңбек еткен жұмысшылардың арасында жол жөндеушілер, қаланың жарықпен қамтамасыз етілуіне және көше тазалығына жауапты жұмысшылар болды.Жұмысшылар күтпеген жерден игі іс жасаған, ілтипат білдірген жастарға шынайы ризашылықтарын білдіріп, жастарды жақсылық жасауға баулу мақсатында қолға алынған шара үшін алғыс айтты. Акцияның мақсаты -мейірімділік – мұсылманның ең асыл қасиеттерінің бірі екендігін насихаттау. Осыны ескерген колледжіміздің белсенді студенттері мұндай игі істерімен көпшілікке үлгі бола білді. Жақсылық жасау үшін мал-мүліктің бар болуы емес, ең әуелі мейірбан, үлкен жүрек иесі болу маңызды екендігін көрсетті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.